36
[/center]
ОҚО, Мақтарал ауданы, Жылы су ауыл әуімшілігі, Байқоныс елді мекені (бұрынғы Заря коммунизм колхозының орталығы) орналасқан «№31 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1981 жылы іргетасы қаланған.1985 жылдың қыркүйегінен бастап 10-жылдық орта білім беретін Прогресс орта мектебі болып құрылды. 624 орынға арналған титік мектеп. Мектеп екі ауысымда оқиды. Жалпы 609 оқушы бар. І ауысымда 1,4,5,9,10,11 сыныптар-298 оқушы. Ал ІІ ауысымда 2,3,6,7,8 сыныптар -311 оқушы оқиды. Мектепте 9 бастауыш сынып кабинеті, 2 қазақ тілі, 2 орыс тілі, 1 тарих, 1 химия(жаңа технологиямен жабдықталған), 1 биология, 1 мультимедия, 1 компьютер, 1 физика (жаңа үлгіде жабдықталған) , 1 математика, 1 өзін-өзі тану, 2 ағылшын тілі, 3 зертхана, 1 кітапхана, 1 мұғалімдер бөлмесі, 1 медбике, 1 қыздар технология, 1 ұлдар техналогия кабинеттері және мектеп басшыларының жеке кабинеттері, 130 орынға арналған мәжіліс зал, спорт зал бар. Мектептің алғашқы директоры Төлбасиев Мүсәй 1985-2001 жылдары өз қызметін 30 жылдан астам көлемінде жақсы атқарған. Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты құрметті еңбек демалысына шықты. 2001-2005 Оспанов Қойшыбай осы мектептің тарих пәнінің мұғалімі мектеп директорлық қызметін атқарып 2005 жылы денсаулығына байланысты жұмыстан босатылды. 2005жылы Мақтарал аудандық білім бөлімінің әдіскері Абдразахов Ұлықбек мектеп директоры болып тағайындалды. 2011 жылы қызметтін ауыстыруына байланысты сол жылы Абсеметова Ұлбосын Бекмырза қызы мектеп директоры болып тағайындалды. 2016 жылдың 17 қарашасы күні еңбек демалысына шықты. Кәзіргі таңда мектептің директорлық қызметін аудандық білім бөлімінің бұйрығымен Сарбасов Қыдырбек Кенесбекұлы уақытша атқары келеді.