Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ата-аналарға кеңес

Автор: admin от 14-02-2017, 14:33, посмотрело: 507

17

Категория: Ата-аналарға

 

Мектеп оқушылардың ережесі

Автор: admin от 14-02-2017, 14:26, посмотрело: 828

1 Оқушыларға арналған ережелер
I. Жалпы ережелер
 1.1. Лицей оқушыларына арналған ережелер (әрі қарай «Ережелер» деп аталады) жалпымектептік конфкренциямен қабылданады. Конференцияны және оның өкілдіктерін шақыру реті конференцияға дейін 1 ай кешіктірілмей педагогикалық кеңеспен бірлесе отыра мектеп әкімшілігімен анықталады. Ереже қабылданғаннан кейін бекітіліп, мектеп директорының бұйрығымен қолданысқа енгізіледі.
 1.2. Ережелер жыл сайын сынып жиналыстарында талқыланады және қажеттілігіне қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, ол туралы сынып жиналысын өткізбес бұрын 1 айдан кешіктірмей мектеп дирекциясына жазбаша түрде хабарлау керек. Сынып жиналысынан келіп түскен ұсыныстарды әкімшілік қарастырады және қабылданған шешім сынып жиналысына жазбаша түрде немесе 1 айдан кешіктірмей жиналыстағы өз өкілдігі арқылы жеткізіледі. 
  1.3. Аталмыш Ережелердегі өзгертулер туралы сұрақ сынып ұжымдарының 1/3-нен кем емес ұсыныстар болған жағдайда конференцияның қарастыруына енгізіледі және соңынан мектеп дирекциясының бекітуімен оқушылардың жалпымектептік конференциясында шешім қабылданады.
 1.4. Осы Ережелер оқушылар лицейге қабылданғаннаннан бастап тәртіп ережелерімен бекітіледі және оқушылардың бір-бірімен, сонымен қатар мектеп қызметкерлерімен  қарым-қатынасын реттейді, әрбір оқушының табысты білім алуына,тұлғаға және оның құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеуге, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрі негізінде қарым-қатынас дағдылары мен тәртіптілік мәдениетін дамытуға жағдай жасайды. 
II. Жүріп-тұрудың жалпы ережелері 
 2.1. Оқушылар мектепке оқу қызметін орындау үшін, өз қабілеттері мен ынтасын дамыту үшін келеді. Мектепте ұйымдастырылған әрбір сабақ мектеп директорымен бекітілген сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Оқушы мектепке таза, ұқыпты киіммен, сабақ басталғанға дейін 15-20 минут бұрын келеді,
 2.2. Мектеп оқушысы үлкендерге сыйластық білдіріп, кішілерге қамқор болады. Барлық оқушылар педагогтарға, мектептің басқа қызметкерлеріне және үлкендерге «сіз» деп сөйлейді.
 2.3.  Мектепке кіретін және шығатын жерде оқушылар – үлкендерге, жоғары сыныптар – кішілеріне, ер балалар – қыз балаларға жол береді.
 2.4.  Дәліздерде және баспалдақпен көтерілгенде оң жақпен жүру бекітіледі.
 2.5.  Мектептен тыс жерде оқушылар өздеріне, мектептің атына кір келтірмеуі тиіс.
 2.6. Оқушылар мектеп мүлігін сақтау керек, өз мүліктеріне, сонымен қатар бөгде мүлікке мұқият қарауы тиіс.
III. Сабақ кезіндегі тәртіп және лицей оқушыларының міндеттері
 3.1. Педагог сыныпқа кірген кезде оқушылар амандасу белгісі ретінде орындарынан тұрады, педагог амандасуға жауап беріп, отыруға рұқсат берген кезде ғана орындарына отырады. Осындай тәртіппен оқушылар сыныпқа кірген кез-келген үлкен адаммен амандасуы керек.
  3.2. Әр мұғалім осы Ережелерге сәйкес өз сабағында тиісті талаптарды қоя біледі.
  3.3. Сабақ кезінде шығу қажеттілігі туындаған жағдайда оқушы орнынан тұрып, педагогтан рұқсат сұрайды, рұқсат бергеннен кейін ақырын шығып, тыныш отыра қалуы тиіс.
 3.4. Оқушы мұғалімге сұрақ қойғысы келсе, қолын көтереді. 9-11 сынып оқушыларына мұғалімнің келісімі бойынша отырып сұрақ қоюларына болады.
 3.5. Сабақ қоңырау соғылған кезде аяқталуы тиіс. Мұғалім сабақтың аяқталғанын хабарлаған соң, оқушылар орындарынан тұрып, әркім өз жұмыс орнын жинап, сыныптан шығады.
  3.6. Оқушы:
- оқушыларға арналған аталмыш Ережелерді орындауға;
- әр сабаққа мұқият дайындалуға;
- мектеп нұсқаулықтары мен ережелеріне бағынуға;
- әкімшіліктің, мұғалімдер мен үлкендердің талаптары олардың құзыреттілігі аясында қойылса, оны орындауға;
- себепсіз сабақ босатпауғаміндетті.
IV. Сабақтан тыс уақыттағы тәртіп 
  4.1. Оқушылар:
 4.1.1. Сабақ басталмас бұрын өзінің жұмыс орнын, тиісті оқу құралдарын дайындайды.
 4.1.2. Сыныптағы (кабинеттегі) кезекшінің сұрауы бойынша оқу жайын желдеткен кезде кабинеттен шығады.
 4.1.3. Сыныпты келесі сабаққа дайындау үшін мұғалімге және кезекшіге көмектеседі.
 4.1.4. Асханада тамақ алу кезінде кезек сақтайды, ыстық және сұйық тағамдарды алуда сақ болуы тиіс, өзінен кейін үстелді, өзімен әкелген тағамды жинайды.
  4.2. Кезекші сыныпты ретке келтіруі тиіс, сабақ аяқталған соң жинап, тазалап, мұғалімнің келесі сабағына көмектеседі, қажеттілігіне қарай үлкен үзіліс кезінде кабинетке желдету жүргізеді. 
V. Оқушыларға тыйым салынады
   5. 1. Оқушыларға:
- мектепке және мектеп аумағына жарылғыш заттарды, қару-жарақ, спирттік ішімдіктерді, есірткі, сонымен улағыш заттарды әкелуге;
- сабақ босатуға, педагогтардың рұқсатынсыз сабақ уақытында кетіп қалуға болмайды. Оқушы сабақ босатқан жағдайда сынып жетекшісіне растау құжатын (медициналық анықтама немесе ата-анасынан, заңды өкілдері тарапынан жазылған хатты) көрсетуі тиіс.
-   сабаққа кешігуге;
- сабақкезінде дәлізде айқайлауға, басқалардың демалуына бөгет жасамауы тиіс;
-  мектепте бас киімде, кір аяқ-киіммен жүруге(мектепте ауыстыратын аяқ-киім әкелу бекітілген);
-   бірін-бірі итермелеуге, заттарды лақтыруға, күш көрсетуге;
-   баспалдақпен, терезеге жақын жерде жүгіругетыйым салынады.
VI.  Жазалау шаралары
6.1.  Аталмыш Ережелерді бұзған оқушыларға келесі тәртіптік жауапкершілік (жазалау) шаралары қолданылуы мүмкін:
- ескерту; сөгіс; лицейден шығару; оқушыларды сыныптық және жалпымектептік жиналыста, қоғам алдында ұялту;
-   жұмыс орны бойынша ата-аналарына хабарлау.
 6.2. Жоғарыда аталған тәртіптілік жауапкершілік шаралары, лицейден шығарудан басқасы, сынып жиналысында, мектеп әкімшілігі тарапынан ауызша немесе жазбаша түрде жүргізілуі мүмкін.
  6.3. Жазалаудың кез-келген түрі шешім қабылданғаннан кейін үш күн ішінде ата-аналар (заңды өкілдері) назарына жеткізілуі тиіс.
 6.4. Лицейден шығару ерекше жағдайда және лицей Жарғысына сәйкес жүргізіледі.
 6.5. Жазалау шаралары бір педагогтың қатысуымен жарияланған кезде оқушының назарына жеткізілді деп саналады.
Оқушыларға арналған ережелердің орындалуы сынып жетекшісінің оқушыға мінездеме жазған кезінде (қажеттілігіне орай, құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша, оқушының немесе олардың заңды өкілдігінің) ескеріледі және кемшілікке жол берген кезде міндетті түрде ата-аналар (заңды өкілдердің) назарына жеткізіледі. 
 

Категория: Оқушыларға

 

Мамандық таңдау

Автор: admin от 14-02-2017, 14:24, посмотрело: 591

8

Категория: Оқушыларға

 

ҰБТ ережелері

Автор: admin от 14-02-2017, 13:59, посмотрело: 1088

24
ҰБТ ережелері

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет
1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.
2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.
1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және

оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.
Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.
Емтихандардың тізбесі және нысаны мынадый:
1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.
Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет.
Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілдік әдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек.
Қазақ тілінен эссенің үлгілік тақырыптары
1. Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме?
2. Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етеді деп ойлайсыз ба?
3. Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба?
Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшемшартары қолданылады.
2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.
Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған.
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);
Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).
4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл);

Бұл пәндердің тапсырмаларының саны мен нысаны мынадай болады.
Лексикалық-грамматикалық блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау арқылы;
«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы

(2 мәтін, 200-250 сөз);
«Оқылым» блогы – 10 тест тапсырмасы (2 мәтін, 200-250 сөз).
5) Таңдау бойынша бір пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды) тестілеу.
Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).
Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді
Емтиханға берілген бағалаумен келіспеген жағдайда, бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады.
Қорытынды аттестаттаудың нақты мерзімі Министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен айқындалады (2017 жылғы 30 сәуірге дейін). Емтихандар шамамен 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.
Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындауды және білім басқармаларына дейін жеткізуді Ұлттық тестілеу орталығы, ал мектептерге дейін жеткізуді білім басқармалары ұйымдастырады.
Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргізеді.
Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында сақталады.
Бітіру кештері мектепте 2017 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде өткізіледі.
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ (ҰБТ)
ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде қалады.
2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Барлық сұрақтар ескеріледі.
Тапсырма саны Тапсырма формасы Бағалау объекті
1- блок Математикалық сауаттылық 20 Ұсынылған бес тапсырманың бір дұрыс жауабын таңдай отырып Функционалды сауаттылық, логика, сандық салыстыруға тапсырмалар
Оқу сауаттылығы 20
(4 мәтін) Ұсынылған бес тапсырманың бір дұрыс жауабын таңдай отырып Оқу, мәтінді түсіну, мәтін мазмұнына рефлексия, талдау жасай білу, салыстыру және т.б.
Қазақстан тарихы 20 Ұсынылған бес тапсырманың бір дұрыс жауабын таңдай отырып Пәнді білу

Бейіндік пәндер (әрбір мамандық бойынша екі пән)
1 бейінді пән 20 Ұсынылған бес тапсырманың бір дұрыс жауабын таңдай отырып Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану
10 Ұсынылған көп тапсырманың бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

2- блок 2 бейінді пән 20 Ұсынылған бес тапсырманың бір дұрыс жауабын таңдай отырып Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану
10 Ұсынылған бес тапсырманың бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

Тестілеу уақыты 3 сағат 30 минутты құрайды. Шекті балл 50 өзгеріссіз қалады.
ЖОО-ның барлық 175 мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер шегінде бөлінді. Бейінді пәндерді бітіруші түсетін мамандығын анықтауы үшін өзі таңдауы тиіс (Мысалы, математика + физиканы тапсыру кезінде, талапкердің 52 мамандықтың ішінен таңдау мүмкіндігі бар).
№ Бейінді пәндер Мамандықтар саны
1 Математика + физика 52
2 Математика + география 18
3 Тарих+ география 7
4 Биология + химия 22
5 Биология + география 12
6 Шет тілі + тарих 11
7 Оқыту тілі және әдебиет (қазақ немесе орыс) + тарих 7
8 География + шет тілі 4
9 Химия + физика 5
10 Тарих + Адам. Қоғам. Құқық 4
11 Шығармашылық емтихан 33
Барлығы 175

Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады. ҰБТ 165 ҰБТ-ны өткізу пункттерінің базасында өткізіледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы. 2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті балл – 50.
«Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі (Мысалы, егер бітіруші және «Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді).
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінеді.
ТАЛАПКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ (ТКТ)
Колледж бітірушілері үшін ТКТ форматы өзгертілді.
ТКТ-ның жаңа форматы бойынша колледждер үшін 60 сұрақ қарастырылған, оның 20-сы жалпы пәндер және 40-ы бейінді пәндер бойынша. Бұл егер бітіруші өз бейіні бойынша оқитын болса (Мысалы, педагогикалық мамандыққа баратын педагогикалық колледждің бітіруішісіне арналған). Мамандық бейінін өзгертетін бітіруші тестілеуді ҰБТ форматы бойынша тапсырады.
Тестілеу уақыты - 100 минут.
Тапсырма саны Тапсырма формасы Бағалау объекті
Жалпы бейінді пән 20 Ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдай отырып Тапсырмалар базалық пән бойынша академиялық білімін тексеруге бағытталады
30 Ұсынылған көп жауаптан бір дұрыс жауабын таңдай отырып Тест тапсырмалар базалық пән бойынша терең академиялық білімін және практикалық қабылеті мен дағдыларын тексеруге бағытталады
Бейінді пән 10 Ұсынылған көп жауаптан бірнеше дұрыс жауапты таңдай отырып Тест тапсырмалар базалық пән бойынша терең академиялық білімін және практикалық қабылеті мен дағдыларын тексеруге бағытталады
Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау - 10 наурыз - 1 шілде аралығы. ТКТ базалық жоғары оқу орнында орналасқан 42 ҰБТ-ны өткізу пункттерінде өткізіледі. ТКТ-ны өткізу мерзімі – 17 шілде мен 23 шілде аралығы. Шекті балл – 35.

Қазірге дейін мамандықтарға сай нақтыланған таңдау пәндері:
Сонымен ҰБТ-2017-да болатын кейбір мамандықтар мен таңдау пәндері мынадай (мамандықтар бойынша толық ақпарат алған кезде жедел түрде жариялайтын боламыз):
Гуманитарлық ғылымдар:
“5В020100 – Философия” мамандығы, таңдау пәндері – Тарих, География
“5В020200 – Халықаралық қатынастар” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих
“5В020300 – Тарих” мамандығы, таңдау пәндері – Тарих, География
“5В020400 – Мәдениеттану” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих
“5В020500 – Филология” мамандығы, таңдау пәндері – Қазақ (орыс) тілі және әдебиеті, Тарих
“5В020600 – Дінтану” мамандығы, таңдау пәндері – 1-ші шығармашылық емтихан, 2-ші шығармашылық емтихан
“5В020800 – Археология және этнология” мамандығы, таңдау пәндері – Тарих, География
“5В020900 – Шығыстану” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих
Өнер:
“5В042200 – Баспа ісі” мамандығы, таңдау пәндері – 1-ші шығармашылық емтихан 2-ші шығармашылық емтихан
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес:
“5В050100 – Әлеуметтану мамандығы”, таңдау пәндері – Математика, География
“5В050200 – Саясаттану” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих
“5В050300 – Психология” мамандығы, таңдау пәндері – Биология, География
“5В050400 – Журналистика” мамандығы, таңдау пәндері – 1-ші шығармашылық емтихан, 2-ші шығармашылық емтихан
“5В050500 – Аймақтану” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих
“5В050700 – Менеджмент” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География
“5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География
”5В051100 – Маркетинг” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География
“5В051300 – Әлемдік экономика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География
“5В051400 – Қоғаммен байланыс” мамандығы, таңдау пәндері – 1-ші шығармашылық емтихан, 2-ші шығармашылық емтихан
“5В051500 – Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету” мамандығы, таңдау пәндері – Қазақ (орыс) тілі, Тарих
Жаратылыстану ғылымдары:
“5В060100 – Математика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика
“5В060200 – Информатика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика
“5В060300 – Механика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика
“5В060400 – Физика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика
“5В060500 – Ядролық физика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика
“5В060600 – Химия” мамандығы, таңдау пәндері – Химия, Физика
“5В060700 – Биология” мамандығы, таңдау пәндері – Биология, Химия
“5В060800 – Экология” мамандығы, таңдау пәндері – Биология, География
“5В060900 – География” мамандығы, таңдау пәндері – География, Математика
“5В061000 – Гидрология” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География
“5В061100 – Физика және астрономия” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика
“5В061200 – Метеорология” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География
Техникалық ғылымдар және технологиялар:
“5В070100 – Биотехнология” мамандығы, таңдау пәндері – Биология, Химия
“5В070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика

Категория: 11 сынып

 

ӘБ құрлымы

Автор: admin от 14-02-2017, 13:53, посмотрело: 867

4
Математика пәні әдістемелік бірлестігі

Математика пәні әдістемелік бірлестігінің тақырыбы:«Білім беруді жаңарту аясында жаңа ақпараттық технология арқылы оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру және жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру».

Мақсаты:
1. Жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім технологияларын жүйелі енгізу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру.
2. Жан-жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.
3. Дүниетанымы дамыған, еліміздің әдет-ғұрпын құрметтей білетін, жан-жақты білімді де саналы парасатты тұлға тәрбиелеу


Міндеттері:
• Жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту бағытында жасалған педагогикалық ғылым мен іс-тәжірибедегі жетістіктерді оқып үйрену.
• Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін шыңдауын және өзін-өзі жетілдіруін қамтамасыздандыру
• Математикадан оқушылардың білімі мен біліктілікті, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу-дамыту ортасын құру.
• Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету және жаңа технологичларды қолдану арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
• Оқушылардың ғылыми - танымдық қабілетін, ой-өрісін арттыру.
• Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру.
• Мотивациясы төмен оқушылармен жұмыстар атқару.

Әдістемелік бірлестіктің құрамы:
ӘБ құрлымы

Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі:
Қарабеков Садықбек Кәрімұлы
Математика пәні мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 32 жыл
Біліктілік санаты: жоғары деңгейлі бірінші санатты маман.
Педагогикалық ұстанымы: "Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан"



ӘБ құрлымы

Сарбасов Қыдырбек Кеңесбекұлы
Математика пәні мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 37 жыл
Біліктілік санаты: жоғары деңгейлі жоғарғы санатты маман.
Педагогикалық ұстанымы: " «Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға»"




ӘБ құрлымы

Қарсыбаев Қуандық Тоқтарұлы
Математика пәні мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 6 жыл
Біліктілік санаты: жоғары деңгейлі екінші санатты маман.
Педагогикалық ұстанымы: «Ұстаз болу –жүректің асылдығы»




ӘБ құрлымы

Қайназарова Айнұр Мусабекқызы
Математика пәні мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 13 жыл
Біліктілік санаты: жоғары деңгейлі бірінші санатты маман
Педагогикалық ұстанымы: "« Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің. Сондықтан да келеді біле бергім, Білімдіні сүйерін білем елдің ».




ӘБ құрлымы

Ниязбекова Бибіайша Қалжігітқызы
Математика пәні мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 4 жыл
Біліктілік санаты: екінші
Педагогикалық ұстанымы: «Тәртіпке бағынған құл болмайды,
Білімге ұмтылған кем болмайды »




ӘБ құрлымы

Наханова Райхан Ережепқызы
Математика пәні мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 4 жыл
Біліктілік санаты: екінші
Педагогикалық ұстанымы: " Математика -ақыл, ой-шегін кеңейтеді. "





Қазақ тілі мен әдебиет әдістемелік бірлестігі

Қазақ тілі мен әдебиет әдістемелік бірлестігінің тақырыбы:«Білім беруді жаңарту аясында жаңа ақпараттық технология арқылы оқушылардың қазақ тілін үйренуге және жан-жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан тұлға қалыптастыру».

Мақсаты:
1. Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу, білім технологияларын жүйелі енгізу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру.
2. Жан-жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.
3. Дүниетанымы дамыған, еліміздің әдет-ғұрпын құрметтей білетін, жан-жақты білімді де саналы парасатты тұлға тәрбиелеу

Міндеттері:
• Жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту бағытында жасалған педагогикалық ғылым мен іс-тәжірибедегі жетістіктерді оқып үйрену.
• Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін шыңдауын және өзін-өзі жетілдіруін қамтамасыздандыру
• Қазақ тілінен оқушылардың білімі мен біліктілікті, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу-дамыту ортасын құру.
• Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
• Оқушылардың ғылыми - танымдық қабілетін арттыру.
• Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру.


Әдістемелік бірлестіктің құрамы:
ӘБ құрлымы

Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі:
Молдабекова Сырғагүл Жумадиовна
Туған жылы : 1969. 11.07
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 30 жыл
Біліктілік санаты: жоғары деңгейлі бірінші санатты маман.
Педагогикалық ұстанымы: "Өзге тілдің бәрін біл , өз тіліңді құрметте




ӘБ құрлымы

Ділдабекова Сапаркүл Айнабековна
Туған жылы : 1964. 08.06
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 30 жыл
Біліктілік санаты: жоғары деңгейлі жоғары санатты маман.
Педагогикалық ұстанымы: "...Ақырын жүріп,анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға ... "




ӘБ құрлымы

Қолдасова Хатира Молдабековна
Туған жылы : 1964. 03.20
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 30 жыл
Біліктілік санаты: жоғары деңгейлі бірінші санатты маман.
Педагогикалық ұстанымы: "« Адамның адамшылдығы....жақсы ұстаздан болады»"




ӘБ құрлымы

Сарыбасов Қайрат Кенесбекович
Туған жылы : 1975. 11.24
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 19 жыл
Біліктілік санаты: екінші
Педагогикалық ұстанымы: « Тіліміздің мәнін, қасиетін жоймайық!».





ӘБ құрлымы

Мамасариева Гүлжанар Батияровна
Туған жылы : 1984. 06.12
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 5 жыл
Біліктілік санаты:
Педагогикалық ұстанымы: «Ұстаз болу –жүректің асылдығы»

ӘБ құрлымы





Тарих және Адам.Қоғам.Құқық әдістемелік бірлестігі

Тарих және Адам.Қоғам.Құқық әдістемелік бірлестігінің тақырыбы:«Білім беруді жаңарту аясында жаңа ақпараттық технология арқылы оқушылардың қазақ тарихын үйренуге деген ынта-ықыласын арттыру және жан-жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан тұлға қалыптастыру».

Мақсаты:
1. Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу, білім технологияларын жүйелі енгізу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру.
2. Жан-жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.
3. Дүниетанымы дамыған, еліміздің әдет-ғұрпын құрметтей білетін, жан-жақты білімді де саналы парасатты тұлға тәрбиелеу
4. Еліміздің болашағы балаларды құқықты,сауатты тұлға етіп тәрбиелеу.

Міндеттері:
• Жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту бағытында жасалған педагогикалық ғылым мен іс-тәжірибедегі жетістіктерді оқып үйрену.
• Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін шыңдауын және өзін-өзі жетілдіруін қамтамасыздандыру
• Қазақ тарихынан оқушылардың білімі мен біліктілікті, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу-дамыту ортасын құру.
• Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
• Оқушылардың ғылыми - танымдық қабілетін арттыру.


Әдістемелік бірлестіктің құрамы
ӘБ құрлымы

Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі:
Қарабеков Нұрлан Қалибекұлы
Тарих және Адам.Қоғам.Құқық пәнінің мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 24 жыл
Біліктілік санаты: жоғары деңгейлі бірінші санатты маман.
Педагогикалық ұстанымы: " Отанымыздың тарихын және құқықты сауатты болу.Елімнің тарихы-ол менің тарихым "





ӘБ құрлымы

Төлбасиев Мұса Мүсәйұлы
Тарих және Адам.Қоғам.Құқық пәнінің мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 35 жыл
Біліктілік санаты: жоғары деңгейлі бірінші санатты маман.
Педагогикалық ұстанымы: "...Ақырын жүріп,анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға ... "





ӘБ құрлымы

Үрібаев Бердіқұл Басымбекұлы
Тарих және Адам.Қоғам.Құқық пәнінің мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 14 жыл
Біліктілік санаты: жоғары деңгейлі екінші санатты маман.
Педагогикалық ұстанымы: "« Адамның адамшылығы-жақсы ұстаздан.Заңнан да биік-адамгершілік қасиет.»"





ӘБ құрлымы

Қалыбекова Бану Сапарғалиқызы
Тарих пәнінің мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 5 жыл
Біліктілік санаты: екінші
Педагогикалық ұстанымы: "« Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің. Сондықтан да келеді біле бергім, Білімдіні сүйерін білем елдің ».





ӘБ құрлымы

Шамшиева Асем Кенжеқызы
Тарих пәнінің мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 4 жыл
Біліктілік санаты: екінші
Педагогикалық ұстанымы: «Ұстаз болу –жүректің асылдығы.
Төл тарихымызды білмеген-тексіздік.»




ӘБ әдістемелік тақырыбы:

Орыс тілі және әдебиеті сабақтарында оқытудың инновациялық форма және әдістерін пайдалану.

Мақсаты:
Оқу-тәрбие процесіне жаңашыл
әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы:
-мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік шығармашылық ізденімпаздығын арттыру;
-оқушылардың интеллектуалды қабілеттерін дамыту, шығармашылық іс-әрекеттерге жетелеу.
-орыс тілі және әдебиет пәнін оқытуда ұстаздардың педагогикалық шеберлігін, олардың біліктілігін және құзырлығын толассыз арттыру.

Жаңа оқу жылының міндеттері
Орыс тілі және әдебиетінің бірлестік мүшелері оқу жылы басталмас бұрын отырыс жасап? Жаңа оқу жылының міндеттері жайлы кеңесіп, өзара пікір бөлісті.
Жылдық сабақ жоспарды жасап, бекіттіріп алу және сол бойынша белгіленген сыныпқа сабаққа ену.
Сабақ жүктемесін бөлісу.
Қыркүйек айындағы тіл апталығы және пән апталықтарын атап өту.
Ауданнан келген бұйрықтарға сәйкес іс ө шара жасау.
11 - сынып оқушыларына бекітілген мұғал ім Каримова Рахима жоспар жасап, олармен жұмыс жүргізіп, мемлекеттік емтиханға дайындау.
Дарынды оқушылармен жұмыс жасап, ғылыми жұмысқа дайындау.
Мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс жүргізу.
Бақылау диктанттарды кестеге сәйкес алып, оқушылардың сауаттылығын арттыру.
Ашық сабақтар кестесін жасау. Өтілген сабақтарды талқылау.
9 – сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындау. Пән мұғалімі Қарабеков Нақыпбек.
Үйірме жұмыстарының жоспарын жасау. Үйірме жетекшілері Құрманбекова Х. және Каримова Р.
Баспасөзге материалдарды жариялау.


ЖОМ (МГ)2016-2017 о.ж. орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері туралы мәлімет.
Р/с Мұғалімнің аты-жөні Туған күні, айы, жылы БІлімі Санаты (қашан берілген бұйрық №) Орыс тілі әдебитінен беретін сағат саны (жүктемесі)
(сыныптар бойынша бөлу) Жетістіктері Мектепте пән бойынша айналысатын шығармашылық жұмысының атауы Пед өтілі Жалпы еңбек өтілі
1 Қарабеков Нақыпбек Каримович 21.05.1961 Жоғары Жоғары 1994 №66-9 9 Респуб Олимп 2 орын Развитие уст.речи 30 30
2 Оспанова Қаламқас Жұмабайқызы 18.12.1962 Жоғары Жоғары 2014 №521 20 Аудан Олимп 2 орын Изуч.орфогр.правил 31 31
3 Эрназарова Сайёра Гайратжановна 01.01.1970 Жоғары I 20 Аудан Олимп Алғыс хат Развитие критич. мышления через чтение и письмо 24 24
4 Каримова Рахима Шамашевна 10.04.1966 Жоғары
I 18 Аудан Олимп. Алғыс хат Развитие уст.речи 26 26
5 Құрманбековна Хадиша Үсіпбаевна 14.10.1967 Жоғары II 18 Аудан Олимп Алғыс хат Развитие творч. способностей уч-ся на уроках рус. языка 30 30
6 Пирназаров Ілім Тұрдыбаевич 24.03.1966 Жоғары II 14 Аудан Олимп Алғыс хат Игры на уроках рус. языка 23 23




ӘБ құрлымы

Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Эрназарова Сайёра Гайратжановна 01.01.1970
Педагогикалық еңбек өтілі: 24жыл
Біліктілік санаты: бірінші



ӘБ құрлымы

Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Құрманбековна Хадиша Үсіпбаевна 14.10.1967
Педагогикалық еңбек өтілі: 30жыл.
Біліктілік санаты: екінші




ӘБ құрлымы

Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Қарабеков Нақыпбек Каримович 21.05.1961
Педагогикалық еңбек өтілі: 30 жыл.
Біліктілік санаты: жоғары




Еңбек , технология, бейнелеу әдістемелік бірлестігі


ӘБ тақырыбы: Оқыту мен тәрбие үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушы бойында негізгі құзыреттілікті дамыту ,шығармашылыққа бейім жеке тұлға қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылардың адамгершілік қасиетін, ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, халық педагогикасының әдіс-тәсілдері мен қазақ өнерінің озық үлгілерін үйретіп, өнерлі білікті, мәдениетті және денсаулығы мықты азамат етіп тәрбиелеу. Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып, қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру.

Міндеттері: 1. Оқу тәрбие процесіне жаңа ақпараттық технологияны қамтамасыз ету бойынша тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
2. Еңбек сүйгіштікті, іскерлікті, ұйымшылдықты, адамгершілік пен қайырымдылықты, шыншылдықты, жауапкершілік пен ізеттілікке тәрбиелеуді іске асыру;
3.Оқушылардың өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізуге білуін дамыту;
4. Мұғалімдердің өзіндік білімдерін көтеруді ұйымдастыру;
5. Жас ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету;
6. Мектепаралық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға көрмелерге қатысу.


Әдістемелік бірлестіктің құрамы:
ӘБ құрлымы

Әдістеме бірлестіктің жетекшісіПірназаров Илим Тұрдыбайович
Технология пәнінің мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі:24 жыл
Біліктілік санаты: бірінші
Педагогикалық ұстанымы: Еңбек-ырыс бұлағы,
Еңбек-бақыт шырағы





ӘБ құрлымы

Технология пәнінің мұғалімі: Абдикадирова Назым Оралбекқызы
Педагогикалық еңбек өтілі: 11 жыл
Біліктілік санаты: екінші
Педагогикалық ұстанымы: Қыз еркем кестесімен көркем,
Ұл еркем өнерімен көркем.




ӘБ құрлымы

Технология пәнінің мұғалімі: Райханова Гүлмира Нөкерқызы
Педагогикалық еңбек өтілі: 24 жыл
Біліктілік санаты: екінші
Педагогикалық ұстанымы: Еңбекпен тапқаның,
Шекер балдан татқаның.




ӘБ құрлымы

Технология пәнінің мұғалімі: Бөрібаева Ұлжан Төрехасынқызы
Педагогикалық еңбек өтілі: 17 жыл
Біліктілік санаты: бірінші
Педагогикалық ұстанымы: Өнер табу,
Өрге шабу.




ӘБ құрлымы

Музыка пәнінің мұғалімі: Анарбаева Күлмира Ахметовна
Педагогикалық еңбек өтілі: 23 жыл
Біліктілік санаты: екінші
Педагогикалық ұстанымы: Өзіңді тану-өмірді тану.




Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі

Ағылшын тілі бірлестігінің тақырыбы: "Білімнің, біліктілік пен дағдылардың барлық жүйесін оқушылардың терең де сапалы меңгеруін қамтамасыз ету”


Мақсаты:
Оқушыларға коммуникативтік –танымдық қызығушылығына сай білім беру, практикалық түрде меңгерту.


Міндеттері:
Ағылшын тілін оқытудың мазмұнын анықтау,оқушыларға ағылшын тілін меңгерту барысында ана-тілі мен орыс тілінің игі ықпалын ескере отырып, оқыту ерекшеліктерін көрсету.


Ағылшын тілі пәні
Әдістемелік бірлестіктің құрамы:

ӘБ құрлымы

Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі:
Құрымбаева Жанар Бейсенбайқызы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 8 жыл
Біліктілік санаты: екінші санатты маман.
Педагогикалық ұстанымы: "Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға"




ӘБ құрлымы

Ибрагимова Салтанат Өмірзаққызы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 8 жыл
Біліктілік санаты: екінші санатты маман.
Педагогикалық ұстанымы: «Егер мұғалім өң бойына ,өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жақтаса ол-нағыз ұстаз» Л.Толстой




ӘБ құрлымы

Нұрымбетова Бахытгуль Орынбековна
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 4 жыл
Біліктілік санаты: екінші санатты маман.
Педагогикалық ұстанымы: «Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев




ӘБ құрлымы

Сәмбетов Дастан Сәмбетұлы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 3 жыл
Біліктілік санаты: екінші
Педагогикалық ұстанымы: «Every modern person must know three languages Kazakh, English, Russian»













Категория: Мұғалімдер

 

Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлер туралы мәлімет

Автор: admin от 14-02-2017, 11:51, посмотрело: 807

26
Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлер туралы мәлімет

1. Сарбасов Қыдырбек Кеңесбекұлы (15.10.1958) мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары 35 пед өтілі. Мамандығы математика апталық жүктемесі 9 сағат. Осы қызметтегі өтілі 22 жыл. Өз ісінің маманы қазіргі таңда мектеп диреткорының міндетін уақытша атқарып келеді.



Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлер туралы мәлімет

2. Мауленова Бағила Темірхан қызы(01.12.1976) мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары 12 пед өтілі. Мамандығы бастауыш сынып оқытушысы. Осы қызметтегі өтілі 1 жыл.



Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлер туралы мәлімет

3. Үрбаев Бердіқұл Басымбекұлы (21.10.1981) мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 12 пед өтілі. Мамандығы тарих апталық жүктемесі 9 сағат. Осы қызметтегі өтілі 4 жыл.



Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлер туралы мәлімет

4. Құрманбекова Адиса Жақсылыққызы (26.12.1975) мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары пед өтілі 21 жыл. Мамандығы физика, апталық жүктемесі 6 сағат. Осы қызметтегі өтілі 8 жыл.







Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлер туралы мәлімет

5. Қарабеков Нақыпбек Каримович (21.05.1962) мектеп директорының бейіндік оқу жөніндегі орынбасары пед өтілі 30 жыл. Мамандығы орыс тілі және әдебиет , апталық жүктемесі 9 сағат. Осы қызметтегі өтілі 2 жыл.




- Мектепте 2 педагог-психолог қызметкері бар:
Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлер туралы мәлімет

1. Қожабаева Айзада Сапарбай қызы (01.11.1987) мектептің педагог-психологы пед өтілі 5 жыл. Осы қызметтегі өтілі 4 жыл.




-Әлеуметтік педагог
Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлер туралы мәлімет

1 Нәдірбаева Кулзағира Қарсыбай қызы (12.04.1972) мектептің әлеуметтік педагогы пед өтілі 25 жыл. Мамандығы өзін-өзі тану және әлеуметтік педагог апталық жүктемесі 4 сағат. Осы қызметтегі өтілі 5 жыл.




-Аға тәлімгер

Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлер туралы мәлімет

1. Ахметова Әлия Жамалбек қызы мектептің аға тәлімгері қызметтік өтілі 5 жыл.



Қосымша білім беру педагогтары

Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлер туралы мәлімет

1. Мустаева Назгул Рысбековна (09.10.1980) мектептің ҚББП. Пед өтілі 15 жыл. Мамандығы қазақ тілі және әдебиет, апталық жүктемесі 4 сағат.



Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлер туралы мәлімет

2. Сыдықов Асқарбек Орынбасар ұлы (06.03.1990) мектептің ҚББП. Пед өтілі 5 жыл.



Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлер туралы мәлімет

3.Өскенбаев Нұрғиса Турганбекович (06.07.1984) мектептің ҚББП. Пед өтілі 7 жыл. Осы қызметтегі өтілі жоқ .



-Кітапханашылар:

Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлер туралы мәлімет

1. Назарбекова Зулфия Әшірбек қызы (04.06.1971) мектептің кітапхана меңгерушісі қызметтік өтілі 25 жыл.



Категория: Мектеп

 

Мектеп әкімшілігі құрамы

Автор: admin от 14-02-2017, 10:20, посмотрело: 562

6
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

Мектеп әкімшілігі  құрамы

Сарбасов Қыдырбек


ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Мектеп әкімшілігі  құрамы

Мауленова Багила


ОҚУ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Мектеп әкімшілігі  құрамы

Үрбаев Бердіқұл


ОҚУ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Мектеп әкімшілігі  құрамы

Құрманбекова Азиза


ИНОВАЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Мектеп әкімшілігі  құрамы

Қарабеков Нақыпбек


Категория: Әкімшілік

 

МЕКТЕП ТАРИХЫ

Автор: admin от 14-02-2017, 06:44, посмотрело: 1047

36 [/center]
МЕКТЕП ТАРИХЫ

ОҚО, Мақтарал ауданы, Жылы су ауыл әуімшілігі, Байқоныс елді мекені (бұрынғы Заря коммунизм колхозының орталығы) орналасқан «№31 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1981 жылы іргетасы қаланған.1985 жылдың қыркүйегінен бастап 10-жылдық орта білім беретін Прогресс орта мектебі болып құрылды. 624 орынға арналған титік мектеп. Мектеп екі ауысымда оқиды. Жалпы 609 оқушы бар. І ауысымда 1,4,5,9,10,11 сыныптар-298 оқушы. Ал ІІ ауысымда 2,3,6,7,8 сыныптар -311 оқушы оқиды. Мектепте 9 бастауыш сынып кабинеті, 2 қазақ тілі, 2 орыс тілі, 1 тарих, 1 химия(жаңа технологиямен жабдықталған), 1 биология, 1 мультимедия, 1 компьютер, 1 физика (жаңа үлгіде жабдықталған) , 1 математика, 1 өзін-өзі тану, 2 ағылшын тілі, 3 зертхана, 1 кітапхана, 1 мұғалімдер бөлмесі, 1 медбике, 1 қыздар технология, 1 ұлдар техналогия кабинеттері және мектеп басшыларының жеке кабинеттері, 130 орынға арналған мәжіліс зал, спорт зал бар. Мектептің алғашқы директоры Төлбасиев Мүсәй 1985-2001 жылдары өз қызметін 30 жылдан астам көлемінде жақсы атқарған. Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты құрметті еңбек демалысына шықты. 2001-2005 Оспанов Қойшыбай осы мектептің тарих пәнінің мұғалімі мектеп директорлық қызметін атқарып 2005 жылы денсаулығына байланысты жұмыстан босатылды. 2005жылы Мақтарал аудандық білім бөлімінің әдіскері Абдразахов Ұлықбек мектеп директоры болып тағайындалды. 2011 жылы қызметтін ауыстыруына байланысты сол жылы Абсеметова Ұлбосын Бекмырза қызы мектеп директоры болып тағайындалды. 2016 жылдың 17 қарашасы күні еңбек демалысына шықты. Кәзіргі таңда мектептің директорлық қызметін аудандық білім бөлімінің бұйрығымен Сарбасов Қыдырбек Кенесбекұлы уақытша атқары келеді.

Категория: Мектеп

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Автор: admin от 14-02-2017, 05:14, посмотрело: 721

4 МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ТУРАЛЫ

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  рәміздері

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  рәміздері

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.
Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Категория: Мектеп дәстүрі